«Реалдың» бұрынғы ойыншысы Катарда доп тебеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Реал Мадрид» пен «Баварияның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын Катар чемпионатында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Колумбиялық футболшы «Эвертон» футбол клубынан кетті, ол енді Катардың «Аль-Райян» командасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бастапқыда Родригес «Истанбул Башакшехирге» ауыспақшы болған, бірақ бұл трансфер жүзеге аспады.