Қысқы

«Алда өте қызық күндер күтіп тұр». Юлия Галышева жаңа маусымдағы жоспарын бөлісті

«Алда өте қызық күндер күтіп тұр». Юлия Галышева жаңа маусымдағы жоспарын бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы жазғы жаттығу жиындарын аяқтап, қысқы маусымға дайындықты бастады. Құрама көшбасшысы Юлия Галышева Olympic.kz сайтына жаңа маусымдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оқу-жаттығу жиындары біз үшін табысты өтті. Қатемен жұмыс істеп, жаңа нәрселерді үйрендік.

Біздің жаттығу жиындарымыз мамыр айынан бері тоқтаған жоқ. Әлі де жалғасып жатыр. Санаулы күнде біз Швейцарияға және Австрияға аттанамыз. Ол жақта біздің санат бойынша әлемнң барлық елдерінен құрамалар келеді. Тәжірибелі спортшылармен бірге жаттығамыз және жан-жақтан келген достарымызбен жүздесеміз.

Осы орайда, маған қолдау көрсетіп отырған жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Жаңа маусымда бізді жаңа жарыстар күтіп тұр. Атап айтқанда, Финляндия, Франция, АҚШ, Канада, Жапония, Ресей және Қазақстанда өтетін бірнеше бәсекелерге қатысқым келеді. Әрине, жылдың, маусымның ең басты доласы Қытайда өтеді.

Бізге жанкүйер болып, қолдай отырыңыздар! Алда өте қызық күндер күтіп тұр», - дейді спортшы Юлия Галышева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер