Әлем футболы

ФИФА Англияға қарсы матчта жанкүйерлерінің расизмі үшін Венгрия құрамасын жазалады

ФИФА Англияға қарсы матчта жанкүйерлерінің расизмі үшін Венгрия құрамасын жазалады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Венгрия құрамасын расизм мен жанкүйерлердің Англия ойыншыларына қарсы әрекеті үшін жазалады, - деп хабарлайды Рrosports.kz Daily Mail -ге сілтеме жасап.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы 2 қыркүйекте Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өтті. Ойын бастала салысымен ағылшындардың қара нәсілді ойыншыларына қарсы венгрлік жакүйерлер маймылдың дауысын салып айқайлаған. Мұнымен тоқтап қалмай, ағылшын ойыншыларына олар көзілдірік, қақпаға жақын жерде дәретхана қағазын лақтырған. Алайда, британдықтар 4:0 есебімен жеңді.

Ұлыбритания премьер -министрі Борис Джонсон матчтан кейін жанкүйерлердің мінез -құлқын сынады. Ол ФИФА -ны қатаң шара қолдануға шақырды.

Енді жаза ретінде Венгрия құрамасы келесі екі өз алаңындағы кездесуін жанкүйерлерсіз өткізіп, 185 мың еуроға жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Осылайша, Венгрия 9 қазанда Албаниямен жанкүйерсіз ойнайды. Егер екі жыл ішінде осындай оқиға қайталанса, шартты үкім күшіне енеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер