Қазақстан құрамасының ойыншысы «Оренбург» клубына ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Оренбург» клубына ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстандық «Андижан» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев қыста «Оренбургқа» ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

24 жастағы жартылай қорғаушы беларусьтік «Энергетик-БГУ» клубының ойыншысы, өзбекстандық клубқа жалға берілген.

Дереккөздің хабарлауынша, ФНЛ клубы қазақстандыққа жазда қызығушылық танытқан, бірақ ойыншы «Андижанға» ауысты. Сондай-ақ, Васильев «Астананың» да назарында болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер