Жеңіл атлетика

Дарын Қонысбаев: Жарыс басталғанда үздіктер қатарына енетінімді сездім

Дарын Қонысбаев: Жарыс басталғанда үздіктер қатарына енетінімді сездім
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында өткен триатлоннан Азия чемпионатында қазақстандық Дарын Қонысбаев жеңімпаз атанды. Спортшы құрлық додасындағы алғашқы жеңісінен соң өз пікірімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.

«Бұл менің Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісім. Жарыс жоспар бойынша өтті. Жүзуден нәтижем жақсы болған жоқ. Дегенмен, веложарыс кезінде қарсыластарымды қуып жеттім.

Ал жүгіру басталғанда өзімнің үздік үштікке енетінімді сездім.

Шыны керек, басқа қарсыластарыма қарағанда маған жарыстың жеңіл өтіп жатқанын байқадым. Жеңісім үшін қуаныштымын», - дейді Дарын Қонысбаев.

Айта кетелік, осы бәсекеде тағы бір қазақстандық спортшы Аян Бейсенбаев қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер