Велоспорт

Велоспорттан әлем чемпионаты: Жекелей сын бойынша жеңімпаз анықталды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Жекелей сын бойынша жеңімпаз анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бұл күндері Бельгияда велоспорттан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем чемпионаты аясында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті.

Турнирге қатысатын спортшылар Нокке -Хейст - Брюгге бағыты бойынша 30,3 км қашықтықты бағындырды. Қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Евгений Федоров көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ол 20-шы орынға жайғасты. Тағы бір қазақстандық велошабандоз Игорь Чжан 37-ші болды.

Жарыс жеңімпазы Йохан Прайс-Петерсен (Дания) болса, Люк Плапп (Австралия) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Флориан Вельмерш (Бельгия) қорытындылады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер