Жеңіл атлетика

Триатлоннан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі Ақтауда өтеді

Триатлоннан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі Ақтауда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Триатлоннан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі 25 қыркүйек күні Ақтауда өтеді. Бұл туралы Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz.

Жарысқа Elite санатындағы және 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Олар олимпиадалық қашықтыққа бақ сынайды.

Ал 19 жасқа дейінгі спортшылар спринтерлік қашықтықта сынға түседі.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірінен 130-дан аса триатлет қатысады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан командасының үздігі Дарын Қонысбаев Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті. Сондай-ақ, Екатерина Шабалина күміс, Аян Бейсенбаев қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер