Бокс

Ахмедов Головкинмен кездесіп, алдағы жоспарын талқылады

Ахмедов Головкинмен кездесіп, алдағы жоспарын талқылады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (17-1, 13 КО) отандасы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Ахмедов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Әлидің бокстағы ісін Головкиннің GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Ахмедовтің айтуынша, осы жолғы кездесуде алдағы жоспар талқыланған.

«Геннадий Головкинмен болашақ жоспарымызды талқыладық», - деп жазды ол.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Әли Ахмедов Монебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Ахмедов мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер