Командалық

Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте регбиден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Қыздар командалары арасында өткен бәсекеде Қазақстан үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдені Өзбекстан командасымен сарапқа салды. Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Өзбекстаннан 14:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

БАӘ құрамасы топ жарып, құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ал финалда жеңілген Үндістан командасы екінші орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер