Бокс

Боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас құрамадан шеттетілуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас құрамадан уақытша шеттелуі мүмкін.

Боксшы Ангелина Лукастың 8 қыркүйектегі үндеуінде айтылған әйелдер арасындағы ұлттық құраманың жағдайына қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайға жол бермеу үшін федерациялардың бәріне командадағы тәрбиелік жұмысты күшейту қажеттігі туралы хат жолдады. Сондай-ақ бас бапкер Ерік Алғабектің ұлттық құрамадағы бақылауды әлсіреткенін атап өту керек. Бұл командадағы спорттық тәртіпті жүйелі түрде бұзуға алып келді, – деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер