Футзал

ФИФА Игитаның Венесуэла - Қазақстан матчындағы ойынын жоғары бағалады

ФИФА Игитаның Венесуэла - Қазақстан матчындағы ойынын жоғары бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сайты футзалдан әлем чемпионатының 7-ойын күніне шолу барысында Венесуэла құрамасымен кездесудегі Қазақстан қақпашысы Игитаның ойынын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лео Игита соңғы алты жылда бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанды. Бүгін кешке «Вильнюс Аренаға» келгендер мұның себебін түсінді. 35 жастағы ойыншы керемет сейвтер сериясын жасап, Қазақстанның ұпай алуына көмектесті. Осылайша, оның құрамасы топта бірінші орын алды», - делінген ФИФА материалында.

Айта кетейік, Венесуэла мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан А тобында біріншіторын алып, плей-офф кезеңіне өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер