Теннис

Қазақстандық теннисшілер Astana Open ATP 250 турниріндегі қарсыластарын білді

Қазақстандық теннисшілер Astana Open ATP 250 турниріндегі қарсыластарын білді
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық теннис орталығының орталық алаңында Astana Open ATP 250 турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе басталмас бұрын, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирге қатысатыны үшін және республиканың түкпір -түкпірінен теннис орталықтарының балаларын шектеулі мөлшерде болса да, трибуналарға жіберілетініне қуанышын білдіріп, жақсы ойнауға барын салатынын айтты. Александр алғашқы ойынын екінші кезеңнен бастайды, дәлірек айтқанда испаниялық Фернандо Вердаско мен серб Миомир Кецманович арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Михаил Кукушкин австралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасса, былтырғы Astana Open ATP 250 жеңімпазы Джон Милман турнирдің басында іріктеу жеңімпазына қарсы ойнайды.

Wild card иегері, тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов итальяндық Андреас Сеппиге қарсылас атанды.Турнирдің бірінші ракеткасы, ресейлік Аслан Карацев екінші айналымнан бастап ойнайды. Сербиялықтар Душан Лайович пен Филип Краджинович те екінші айналымда кортқа шығады. Франциялық Бенуа Пер беларусь Егор Герасимовпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер