Әлем футболы

Мессидің «ПСЖ-дағы» жалақысы белгілі болды

Мессидің «ПСЖ-дағы» жалақысы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Француздық L'Equipe басылымы аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мен Пари Сен-Жермен арасындағы келісімнің қаржылық мәліметтерін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі келісімшарт бойынша футболшы бірінші жылы 30 миллион еуро табады. Келесі екі маусымда аргентиналық екінші және үшінші маусымда командада қалатын болса, адалдық бонусының арқасында Мессидің жалақысы 10 миллион еуроға артады.

Еске салайық, Месси 10 тамызда ПСЖ ойыншысы атанды. Аргентиналық футболшы Испания лигасының жаңа регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты «Барселонадан» кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер