Бокс

Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегерлерді рекордтық деңгейде ақшалай сыйақы күтіп тұр

Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегерлерді рекордтық деңгейде ақшалай сыйақы күтіп тұр
news-banner7
mobile-news-top

24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл чемпионаттың алдыңғы біріншіліктен басты айырмашылығы – жүлдегерлерге айтарлықтай ақшалай сыйақы берілуінде. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді.

Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ доллар.

«Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте табысқа жетіп қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етуі керек», — деді AIBA президенті Умар Кремлев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер