Теннис

Екі қазақстандық спортшы 2021 ITTF Kazakhstan International Open турнирінің ширек финалына шықты

Екі қазақстандық спортшы 2021 ITTF Kazakhstan International Open турнирінің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Қарағандыдағы халықаралық турнир жалғасып жатыр. Қазақстандық екі спортшы беделді турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Көшбасшылар қатарында Сарвиноз Миркадирова мен Айя Алимбаева көрінді.

1/8 финал кезеңінде Миркадироваға өзбекстандық Мехринисо Норкулова қарсылас болды. Екі спортшы да шеберлік жағынан бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен қазақстандық спортшы бәрібір жеңісті жұлып алды. Есеп 4:3.

Айя Алимбаева да Өзбекстан өкіліне қарсы ойнады. Спортшымыз сенімді ойын өткізіп, бес ойынның төртеуінде жеңімпаз атанды. Есеп 4:1.

Ширек финалда біздің спортшылар Ресей өкілдерімен кездеседі. Сарвиноз Миркадирова Екатерина Охотниковамен, ал Айя Алимбаева Дарья Шадринамен ойнайды.

Зәуреш Акашева да ширек финалға шығу үшін күресті. Бірақ, өкінішке орай Үндістан өкілі Прапти Сенге 4:2 есебімен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер