Басқа

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысып жатыр

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде (Ресей) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты басталды.

Дүниежүзілік біріншіліктегі қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар жылдамдық бойынша өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, қазақстандық Ришат Хайбуллин финалда 7-ші орыннан көрінді. Ал Әмір Маймұратов болса 12-ші сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасынан ешкім финалға шыға алған жоқ. Іріктеу кезеңінде отандасымыз Тамара Олжабаева 18-ші, Әсел Марленова 22-ші, Танзила Оспан 31-ші және Алина Пономорева 32-ші орынға жағасты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер