Бокс

Ахмедов мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді

Ахмедов мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights сериясындағы бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) перулік Давид Сегаррамен (34-5, 21 КО) жұдырықтасты.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа есептелген. Бірақ Ахмедов мерзімінен бұрын жеңіске жетті, Сегарра төртінші раундқа шығудан бас тартты.

Осылайша, Әли Ахмедов мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2020 жылы желтоқсанда өткен жекпе-жегінде эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер