Теннис

Елена Рыбакина: Барлық қазақстандық теннисшіге алдағы додада сәттілік пен жеңіс тілеймін

Елена Рыбакина: Барлық қазақстандық теннисшіге алдағы додада сәттілік пен жеңіс тілеймін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында WTA турнирлерін аясындағы кестесінің тығыз болуына байланысты алдағы Астана Open WTA 250 турниріне қатыспайтынын айтты.

«Бір-екі күннен кейін Нұр-Сұлтанда ерлер мен әйелдер арасында тұңғыш рет біріктірілген Astana Open ATP 250 және WTA 250 турнирі өтеді. Спортшыларға осындай мүмкіндік беріп, елде теннистің дамуы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Жәмитұлы Өтемұратов пен спорттық ивенттің демеушілеріне рахмет айтқым келеді.

Мұндай деңгейдегі бәсекелестік Қазақстанда тенниске деген қызығушылықты одан сайын арттыратынына сенімдімін. Турнир мен үшін күтпеген жерден «пайда болды» және өкінішке қарай, ол менің биылғы ойын жоспарыма енгізілмеген, бірақ келесі маусымдарда мені қолдап жүрген өз жанкүйерлерінің көз алдында ойнаймын деп үміттенемін», деді Рыбакина.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер