Конференция лигасы: Қазақстандық паралимпиадашылар «Қайратқа» қолдау көрсетеді

Конференция лигасы: Қазақстандық паралимпиадашылар «Қайратқа» қолдау көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Токиода өткен Паралимпиада ойындарында бақ сынаған қазақстандық паралимпиадашылар Алматыда өтетін «Қайрат» – «Омония» матчын стадионнан тамашалайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінің президенті әрі «Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев инстаграм желісінде хабарлады.

«Паралимпиадашылар бүгін кешке Алматыда өтетін матчта бізге қолдау көрсетуге шақырылды», деп жазды.

Айта кетейік, Конференция лигасы топтық кезеңі аясындағы «Қайрат» - «Омания» матчы 16 қыркүйек Алматы уақытымен 20:30 -да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер