Литва – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз15 қыркүйекте 2021 жылғы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Қазақстан құрамасы Литвамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші турда Кака шәкірттері Коста-Риканы 6:1 есебімен жеңді. Ал, турнир қожайындары Литва тартысты өткен матчта Венесуэлаға (1:2) есе жіберді. Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, плей-оффқа жолдама алады.
Литва - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:50-де басталады. Әлем чемпионатының матчын мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.