Бокс

Бек Нұрмағанбеттің қарсыласы анықталды

Бек Нұрмағанбеттің қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында өтетін бокс кешінде кіммен жұдырықтасатынын білді.

Әуесқой бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2 КО) екінші орта салмақта мексикалық Бруно Сандовалмен (21-4-1, 17 КО) қолғап түйістіреді.

Boxrec.com порталының мәліметіне сенсек, аталған кеште Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) гайаналық Леннокс Алленмен (22-1-1, 14 КО) кездеседі. Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер