Әлем футболы

Англия құрамасы 25 жылда алғаш рет ресми матчта ойыншы ауыстырған жоқ

Англия құрамасы 25 жылда алғаш рет ресми матчта ойыншы ауыстырған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Польшаға қарсы матчта ойыншы алмастырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия құрамасы кейінгі рет ресми матчта 25 жыл бұрын ойыншы алмастырмаған екен. ЕУРО-1996 жартылай финалындағы Германияға қарсы ойында да ағылшындар сапында тек 11 ойыншы ойнап, бас бапкер ешкімді ауыстырмаған.

Кейін Саутгейт УЕФА ресми сайтына берген сұхбатында неге ойыншы ауыстырмағанын түсіндірді. Оның сөзінше, ағылшындар ойынды бақылауда ұстаған, сондықтан өзгеріс енгізудің қажеті болмаған.

Айта кетейік, Польша мен Англия матчы 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер