Велоспорт

Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті.

«Кирилді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» - деп жазады Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында.

Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер