Теннис

Құрманғалиев халықаралық турнирге қатысып жатыр

Құрманғалиев халықаралық турнирге қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT сериясындағы турнирлер басталды. Аталған сынға Еуропа, Азия мен Американың 20 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр.

Біздің елден аталған сынға 14 жастағы Қазақстан чемпионы Алан Құрманғалиев аттанды. Ол 17 жастағы спортшылар арасында 1/16 айналымға өтіп, өз тобында Якуб Голдир (Словакия) мен Тобиас Эллисті (Англия) жеңді.

Алайда, 1/8 айналымға жолдама беретін матчта румыниялық Юлиан Чиритеден 1:3 есебімен ұтылды.

Бүгін Алан 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер