Басқа

Шаңғымен тұғырдан секіру: Ерлер арасындағы жазғы Гран-при сериясы басталады

Шаңғымен тұғырдан секіру: Ерлер арасындағы жазғы Гран-при сериясы басталады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 4 қыркүйек Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы жазғы Гран-при сериясы басталады.

Назарларыңызға байрақты бәсекенің жарыс кестесін ұсынамыз.

4 қыркүйек

Ресми жаттығу - K-90

Ресми жаттығу - K-125

18:00 - K-125 санаты бойынша квалификация

5 қыркүйек

16:00 - K-125 санаты бойынша іріктеу

17:00 - Бірінші кезең

18:00 - Финал

6 қыркүйек

13:00 - K-90 санаты бойынша квалификация

14:00 - Бірінші кезең

15:00 - Финал

Айта кетерлігі, турнир «Бурабай» халықаралық шаңғы базасының аумағында өтеді. Жарысқа 15 елден келген 40 спортшы қатысады.

Қатысушылар арасындағы 2018 жылғы Олимпиада ойындарында командалық сында жеңіске жеткен норвегиялықтар Роберт Юханссон мен Йоханн Андре Форфанг бар.

Гран-при сериясына қатысатын мемлекеттер тізімі: Австрия, Болгария, Канада, Қазақстан, Корея, Италия, Норвегия, Ресей, Словения, Түркия, АҚШ, Украина, Эстония, Чехия, Жапония.

Қазақстан атынан Сабыржан Муминов, Сергей Ткаченко және Данил Васильев сынға түседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер