Боксшы әлем чемпионы титулын қорғар алдында допингпен ұсталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызWBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Оскар Вальдестің қан сынамасынан допинг табылды.
Боксшының ағзасынан тыйым салынған препарат фенетермин табылып, ол Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) антидопингтік тестінен өте алмай қалды.
Оскар Вальдес Тусон қаласында Casino Del Sol-да 10 қыркүйекте бразилиялық Робсон Консейсанға қарсы жекпе-жекте әлем чемпионы титулын қорғауы қажет еді.