Теннис

Ярослава Шведова: Елордадағы турнир Қазақстанда теннистің дамуына тың серпін береді

Ярослава Шведова: Елордадағы турнир Қазақстанда теннистің дамуына тың серпін береді
news-banner7
mobile-news-top

Биыл 26 ​​қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстан астанасында алғаш рет WTA 250 сериясының турнирі - Astana Open өтеді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова бұл тарихи оқиғаның маңызын атап өтіп, оның өткізілуі біздің елде теннистің танымал болуына септігін тигізетінін айтты.

«Мен WTA сериялы турнирдің Қазақстанда алғаш өтетініне өте қуаныштымын, біз мұны көп күттік. Өткен жылы елордада Astana Open ATP 250 жоғары деңгейде өтті, біздің турнирге келген ойыншылар мен жаттықтырушылар маған әлі де турнирдің керемет ұйымдастырылғанын, Қазақстанның, адамдардың және жарыстың жалпы ұйымдастырылуы қатты ұнады деп өз эмоцияларын жеткізіп жүреді.

Енді қыздарымызға өз еліне келіп, өз алаңында ойнауға мүмкіндік бар. Елімізде жарыстар жүйесі құрылып жатқаны өте жақсы. Нұр-Сұлтанда әйелдер арасындағы жаңа турнир өткізу - баршамыз үшін алға басқан қадам болмақ. Теннисті дамытуға қызығушылық танытқандардың болғаны жақсы», - деді Шведова ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер