русский язык
Бокс

Райымқұлов АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты

Райымқұлов АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты

Қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (2-1-2, 0 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісінде жариялады.

Бастапқыда Райымқұловтың америкалық Джадон Эрвинға (1-0, 0 КО) қарсы жекпе-жегі 28 тамызда деп деп жоспарланған. Бірақ кездесу кейінге шегерілді, енді отандасымыз 9 қазанда Филадельфияда өнер көрсетеді.

«Бәріңе сәлем. Естеріңізде болса, менің алғашқы жекпе-жегім 28 тамыздан 9 қазанға ауыстырылды. Жекпе-жекке дайындық жалғасып жатыр. Күн сайын тынбай көп жұмыс жасап жатырмын. Көп өтпей мені рингте көресіздер. Мен шыдамды, сабырлы және еңбекқор спортгымын», - деп жазды боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;