Бокс

Али Ахмедовтің тамыздағы қарсыласы жекпе-жекке шықпайды

Али Ахмедовтің тамыздағы қарсыласы жекпе-жекке шықпайды
news-banner7
mobile-news-top

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) 26 тамызға жоспарланған жекпе-жегін өткізбеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec мәліметінше, Ахмедов мексикалық Рикардо Адриана Луна Флореспен (23-8-1, 15 КО) жұдырықтасуы керек болған. Бірақ оның есімі Коста-Месадағы ивентке қатысушылар тізімінен алынды. Енді Ахмедовке жаңа қарсылас табылар-табылмасы белгісіз, сол күні рингке шықпауы да мүмкін.

Бірақ Ахмедовтің 16 қыркүйекте Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) перулік Давид Сегарраға (34-5, 21 КО) қарсы жоспарланған жекпе-жегі Boxrec тізімінде әлі тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер