Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Исхар Құрбаев қола медаль үшін кездесуде жеңілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУфа қаласында (Башқұртстан, Ресей) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, грек-рим күресінің өкілдері финалға шыға алмады деп жазады Olympic.kz.
55 келіге дейінгі салмақта белдескен Исхар Құрбаевтың қола жүлде алатын мүмкіндігі болған.
Алайда, әзірбайжандық Эльмир Әлиевпен өткен кездесуде 3:1 есебімен қарсыласы жеңіске жетті.
Айта кетелік, Уфадағы әлемдік сында әйелдер күресінен Нулифар Раимова чемпион атанса, еркін күрестен Нұрдәулет Қуанышбай күміс жүлдеге қол жеткізді.