Әлем футболы

ПСЖ Месси мен Неймарсыз-ақ «Брестті» сырт алаңда ұтты

ПСЖ Месси мен Неймарсыз-ақ «Брестті» сырт алаңда ұтты
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» Франция чемпионатында 2020/2021 жылдардағы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан уақытымен 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні париждіктер «Брестті» сырт алаңда ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маурисио Почеттино шәкірттері ойынды ширақ бастады. 23-минутта Андер Эррера есепті ашып, командасын алға шығарса, 36 минутта Килиан Мбаппе есепті еселеді. Бірінші таймда қарсылас ойыншысы Хонора 42 минутта мергендігімен көзге түсіп, арадағы доп айырмашылығын қысқартқанымен, екінші таймда париждіктер жеңіске лайық екенін дәлелддеп тағы екі гол соқты.

Париж командасының екі жұлдыз ойыншысы – бразилиялық Неймар мен аргентиналық Лионель Месси «Брестпен» кездесуге қатыспады, бірақ олардың болмауы нәтижеге әсер еткен жоқ.

Футболдан Франция чемпионаты. Лига 1

«Брест» (Брест) - ПСЖ (Париж) 2: 4 (1: 2)

Голдар: 0: 1 - Эррера (23), 0: 2 - Мбаппе (36), 1: 2 - Хонора (42), 1: 3 - Гейе (73), 2: 3 - Мюньер (85), 2: 4 - Ди Мария (90)

Фото marca.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер