Әлем футболы

Роналду мен Месси УЕФА -ның «Жыл ойыншысы» атағына үміткерлердің үздік үштігіне енбеді

Роналду мен Месси УЕФА -ның «Жыл ойыншысы» атағына үміткерлердің үздік үштігіне енбеді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА 2020/21 маусымының үздік ойыншысына үміткерлердің үштігін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер: Жоржиньо («Челси», Италия), Канте («Челси», Франция) және Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия).

Үш финалист Еуро -2020 -ға қатысқан 24 команданың жаттықтырушысы, өткен маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысқан клубтардың 80 жаттықтырушысының арасында дауыс беру арқылы анықталды. Сондай -ақ, 55 журналист өз дауысын береді.

Айта кетерлігі, Криштиану Роналду мен Лионель Месси үздік үштікке енбеді.

«Үздік ойыншы» жеңімпазы 26 тамызда Стамбулда, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тартылатын кезде анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер