Әлем футболы

Агуэро «Барселонада» Мессидің нөмірін алудан бас тартты

Агуэро «Барселонада» Мессидің нөмірін алудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаға» ауысқан аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэро өзінің отандасы Лионель Месси каталондық клубта ойнаған 10 -шы нөмірін алудан бас тартты, - деп хабарлайды Рrosports.kz Marca-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, Агуэро 19 -шы нөмірмен өнер көрсетуді шешкен.

Айта кетейік, «Барселона» Мессиге құрмет белгісі ретінде 10 -шы нөмірді айналымнан шығарғысы келген. Алайда, бұл ішкі лиганың ережелеріне қайшы болған.

Агуэро шілдеде «Барселонаға» ауысқан болатын. Футболшы каталондық клубқа «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде өтті. Бұған дейін форвард жарақатына байланысты жаңа маусымның басын өткізіп алатыны белгілі болды. Оны медициналық тексеру кезінде дәрігерлер тобық сүйегінің ауыр жарақатын анықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер