Дзюдо

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz

Бүгінде қазақстандық жас татами шеберлері жылдың маңызды додасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Дүниежүзілік біріншілікке дайындық кезеңі аясында дзюдошылар Алматы облысында шеберліктерін шыңдауда. 5 тамыз күні басталған жаттығу жиынында спортшылар физикалық тұрғыдан дайындықтарын пысықтап жатыр. Аталған дайындық жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетерлігі, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты Италияның Ольбия қаласында 6-10 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер