Украина құрамасы Қазақстанға келетін ойыншылар тізімін жариялады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУкраина футбол қауымдастығы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Украина құрамасы 1 қыркүйекте «Астана-Аренада» Қазақстанмен, ал 4 қыркүйекте өз алаңында Франциямен кездеседі.
Айта кетейік, тамыздың басында Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Содан бері командаға жаңа жаттықтырушы тағайындалған жоқ.
Украина құрамасына 24 ойыншы шақырту алды:
Қақпашылар: Георгий Бущан («Динамо» Киев), Анатолий Трубин («Шахтёр» Донецк), Андрей Лунин («Реал Мадрид», Испания);
Қорғаушылар: Илья Забарный, Виталий Миколенко, Александр Караваев, Александр Тымчик, Александр Сирота (бәрі – «Динамо» Киев), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко, Виктор Корниенко (бәрі – «Шахтёр» Донецк), Эдуард Соболь («Брюгге», Бельгия);
Жартылай қорғаушылар: Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виталий Буяльский, Виктор Цыганков (бәрі – «Динамо» Киев), Тарас Cтепаненко («Шахтёр» Донецк), Руслан Малиновский («Аталанта», Италия), Александр Зинченко («Манчестер Сити», Англия), Андрей Ярмоленко («Вест Хэм Юнайтед», Англия), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі де – «Ференцварош», Венгрия);
Шабуылшылар: Роман Яремчук («Бенфика», Португалия), Артём Довбик («Днепр-1»).