Путинцева Цинциннатидегі турнирдің екінші кезеңіне өтті
![Путинцева Цинциннатидегі турнирдің екінші кезеңіне өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202108/201131_5484e4f722e4a3ae9c27d324349d93d7.jpg?v=28704623)
Юлия Путинцева Цинциннатиде (Огайо, АҚШ) өткен WTA 100 Western & Southern Open турнирінің екінші кезеңіне қиындықсыз шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундтық кездесуде қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуайды екі сетте сенімді түрде ұтты - 6: 2, 6: 0.
Ойын бар-жоғы 46 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия Путинцева әлдеқайда қауіпті қарсыласы – әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.
Фото tennisworldusa.com