Әлем футболы

АПЛ клубтарының ұсынысына қарамастан, Мартинес «Интерде» қалғысы келеді

АПЛ клубтарының ұсынысына қарамастан, Мартинес «Интерде» қалғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес клубпен келісімшарт жаңартқысы келеді. Бұл туралы ойыншының агенті хабарлады.

«Лаутаро «Интерде» қалғысы келеді. Ол қазіргі жобаның өз жемісін береріне сенеді. Сәрсенбіде мен «Интер» басшылығымен кездесіп, келісімшарт бойынша жағдайды талқылаймын. Премьер Лига клубтары Лаутароға қызығушылық танытты, бірақ ол қалуға дайын», - деді агент.

Мартинес «Интер» сапында 2018 жылдан бері ойнайды. 23 жастағы шабуылшының «нерадзурримен» келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер