Велоспорт

Александр Винокуров «Астанаға» оралды. Команда жаңа маусымға дайындалып жатыр

Александр Винокуров «Астанаға» оралды. Команда жаңа маусымға дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы алдағы маусымда өнер көрсетеді. Командаға Александр Винокуров оралды, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық акционерлер келесі жылы да команда қожайыны және бас демеушісі болатынын растады.

Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорттық жетекшісі қызметіне оралады. Ол шабандоздар мен қызметкерлерді жинауға, сондай-ақ, жобаның спорттық операцияларына жауап береді.

«Қазіргі уақытта команда әлемдік велоспорттың жоғары лигасындағы 17-маусымына дайындалып жатыр. Жақын арада келісімшарт ұзарту мен жаңа шабандоздармен келісімшарт жасасқанымыз туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер