Әлем футболы

«Бордо» ойыншысы матч үстінде есінен танып қалды

«Бордо» ойыншысы матч үстінде есінен танып қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Бордо» ойыншысы Самуэль Калу Франция чемпионатының екінші турындағы «Марсельге» қарсы матчта есінен танып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Eurosport сайтына сілтеме жасап.

Ойын барысында «Марсель» жартылай қорғаушысы Димитри Пайет айып соққысын орындайын деп жатқан, бірақ сол сәтте «Бордо» шабуылшысы Самуэль Калу құлап қалды. Алаңға дәрігерлер жүгіріп шықты, ал ойыншылар шабуылшыны камералардан жауып тұрды.

Футболшы есін жиғанымен, бапкерлік штаб оны бірден ауыстырып тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер