Күрес

Қазақстан құрамасы грэпплингтен 62 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы грэпплингтен 62 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында спорттық күрес бойынша Ресейде өткен әлем чемпионатынан 62 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүлденің 17-сі алтын, 23-і күміс және 22-сі қола. Башқұртстан астанасы Уфада 11 тамызда басталған турнирге 54 елден 1500 спортшы қатысып жатыр. Ал грэпплинг жарысында 13 елдің, оның ішінде Италия, Испания, Филиппин, Қырғызстан және Әзербайжан құрамасы бақ сынады. Енді ертеңнен бастап тамыздың 22-сіне дейін балуандар грек-рим және еркін күрес бойынша мықтыларды анықтайды.

- Уфа қаласындағы Грэпплингтен Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасында 59 адам келді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бәрі тамаша. Біз мұнда Олимпиадалық спорт түрлері – грек-рим және еркін күреспен бірге Дүниежүзілік Күрес федерациясының аясында екінші рет келіп отырмыз. Башқұртстан, Уфа бізді құшақ жая қарсы алып жатыр, - деп хабарлайды бапкер Мұрат Бермұхамбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер