русский язык
Теннис

Осака турнирден тапқан ақшасын Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендерге жібермек

Осака турнирден тапқан ақшасын Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендерге жібермек

Әлемнің екінші ракеткасы жапониялық Наоми Осака Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінде тапқан барлық сыйақысын Гаитидегі жер сілкінісінан зардап шеккендерге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Гаитиде болып жатқанның бәрін көру қиын. Әрекетсіз отырмауымыз керек. Келесі аптада турнирге қатысып, сыйақымды көмек ретінде Гаитиге жіберемін. Ата-бабамыздың қаны мықты екенін білемін, алға қарай жылжи береміз», — деп жазды Осака Twitter-де.

Цинциннатидегі турнир 16-22 тамыз арасында өтеді.

Еске салайық, 14 тамызда Гаитиде жер сілкінісі болып, кем дегенде 304 адам қаза тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;