Бокс

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

17-30 тамыз арасында БАӘ-де бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Proports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы ASBC құрлық біріншілігінде 51 жаңа жеңімпаздың есімін білетін боламыз (25 қыз бен 26 ұл). Бұл салмақ дәрежелерінің саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Сайысқа ең көп делегат Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан құрамаларынан келеді деп күтілуде.

Біріншіліктің тағы бір ерекшелігі, тарихта бірінші рет бір чемпионатта екі буынның (жас ерекшелігіне қарай) өкілдері шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, 2003 пен 2004 жылы туғандар жастар арасында бақ сынаса, 2005-2006 жылы туғандар жасөспірімдер арасында мықтыны анықтайды.

Құрлықтық біріншілік алдында аға бапкер Қайрат Сатжановтың шәкірттері Түркістан облысындағы «Алматау» спорттық базасында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Сатжановтың командасында жастар арасындағы Әлем және Азия чемпиондары, бірнеше халықаралық бәсекелердің жеңімпаздары бар. Жаттығу жиындары 4 тамыз күні басталып, боксшылардың БАӘ атанар күні - 17 тамызда аяқталады.

Елдос Сайдалин баптайтын жастар мен бұрымды боксшыларымыздың командасына тоқталсақ, олар Алматы облысындағы біріншілікке Новоалексеевкадағы базада шеберліктерін шыңдайды. Бұл қыздарды дайындаудың екінші кезеңі. Бұған дейін бұрымды былғары қолғап шеберлеріміз Өзбекстан құрамасымен біріккен жаттығу жиындарын өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер