Хоккей

Хоккейден ҚР Президенті кубогының қола медалін қытайлық клуб жеңіп алды

Хоккейден ҚР Президенті кубогының қола медалін қытайлық клуб жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті кубогының үшінші орны үшін қытайлық «Куньлунь Ред Стар» мен өскемендік «Торпедо» кездесті.

Матч 2:1 есебімен қытайлық клубтың пайдасына аяқталды. Осылайша, «Куньлунь Ред Стар» ҚР Президенті кубогының қола жүлдегері атанды.

Турнирдің финалында елордалық «Барыс» пен қарағандылық «Сарыарқа» кездеседі.

«Куньлунь Ред Стар» — «Торпедо» (1:0, 1:0, 0:1)

Шайблар:
1:0 — 17:22 Спроул (Рич, Николлс).
2:0 — 29:55 Кейн (Николлс, Бартли).
2:1 — 57:19 Мажуга (Гурин).

Қақпашылар: Смит — Янков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер