Әлем футболы

ПСЖ тағы бір жұлдыз футболшыны сатып алмақ

ПСЖ тағы бір жұлдыз футболшыны сатып алмақ
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» италиялық «Наполи» қорғаушысы Калиду Кулибалиді сатып алмақ.

Gazzetta dello Sport мәліметінше, франциялық клуб Кулибалиді жарақатын айығып жатқан Серхио Рамостың орнына қоймақ. Рамос алаңға тек қыркүйектің ортасында шыға алады. Сондықтан, франциялық клуб тағы бір жұлдызды қатарына қоспақ. Ал «Наполи» 30 жастағы сенегалдықты 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Жазғы трансферде «Пари Сен-Жермен» бес футболшымен келісімшарт жасасты: Ашраф Хакими, Серхио Рамос, Жоржиньо Вейналдум, Джанлуиджи Доннарумма мен Лионелт Месси.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер