Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев: Қазақ елінің игілігі үшін еңбек ету - әрбір азаматтың міндеті

Қамшыбек Қоңқабаев: Қазақ елінің игілігі үшін еңбек ету - әрбір азаматтың міндеті
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президентінің жарлығымен Токио Олимпиадасының жүлдегерлері мемлекеттік наградаға ие болды. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері боксшы Қамшыбек Қоңқабаев награда алғаннан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Елордамыз Нұр-сұлтан қаласында Токио олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі аталып өтті. Президентіміздің жарлығымен айтулы шарада «Құрмет» орденімен марапатталдық. Бұндай құрметтің иегері болу мен үшін үлкен мәртебе және абырой. Қазақ елінің игілігі үшін еңбек ету әрбір ҚР азаматының міндеті деп білемін. Отандық спортшыларымыз ел абыройын әлемдік аренада асқақтата берсін!», - боксшы Қамшыбек Қоңқабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер