Бокс

Жеңілмеген боксшы Сойлыбаев рингке оралғаннан кейін алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Жеңілмеген боксшы Сойлыбаев рингке оралғаннан кейін алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) Дубайда өткен бокс кешінде рингке оралғаннан кейін алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол мексикалық Рамиро Сесенамен (13-0-1, 11 КО) жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелді және барлық белгіленген уақытқа созылды. Нәтижесінде кездесу төрешілердің көпшілік даусымен мексикалықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Бекман Сойлыбаев кәсіби карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Сойлыбаев соңғы жекпе -жегін 2017 жылы (19 қазанда) өткізді, содан бері осы күнге дейін қазақстандық рингке шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер