русский язык
Әлем футболы

Лукаку «Челси» ойыншысы атанды

Лукаку «Челси» ойыншысы атанды

«Челси» «Твиттер» желісінде «Интер» шабуылшысы Ромелу Лукакудың ауысқанын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұған дейін бұл трансфер Лондон клубына 155 миллион еуроға түсетіні хабарланған болатын.

Лукаку 2011 жылы «Челси» сапында ойнады, бірақ кейіннен ойыны жүрмей «Вест Бромвич Альбион» клубына ауысты.

Былтыр ол «Интермен» Италия чемпионы атанды.

«Үйіңе қош келдің, Ромелу Лукаку!» - делінген «Челси» хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;