Еркін күрес

Токиодағы Олимпиада чемпионы сыйлық ретінде миллион доллар алды

Токиодағы Олимпиада чемпионы сыйлық ретінде миллион доллар алды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев Токиодағы Олимпиададағы бірінші орыны үшін Мемлекеттік думаның депутаты Магомед Гаджиевтен қомақты қаржы алғанын айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Мен Чародин ауданындағы жерлесім, Мемлекеттік Думаның депутаты Магомед Гаджиевке алғыс айтқым келеді. Ол маған Токио Олимпиадасынан алтын алғаным үшін бір миллион доллар ақшалай сыйлық берді. Менің жаттықтырушым Шамиль Омаровқа да назар аударылды. Өз кезегінде бапкерім екеуміз осы деңгейді сақтап қалуға тырысамыз», - деді спортшы.


Еркін күрестен Садулаев Токиодағы Олимпиада ойындарының финалында 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2016 жылғы ойындардың чемпионы осы салмақта америкалық Кайл Снайдерден 6: 3 есебімен басым түсті.

Садулаев қатарынан екінші Олимпиадада алтын алды. Риодағы ойындарда ол 86 келіге дейінгі салмақта үздік атанған болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер