русский язык
Әлем футболы

ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасауға шешім қабылдады

ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасауға шешім қабылдады

Пари Сен-Жермен президенті Насер Аль-Хелаифи кетіп бара жатқан Килиан Мбаппенің орнына Криштиану Роналдуды алмақшы, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Осылайша, париждік клуб Килиан Мбаппенің келер жазда аяқталатын келісімшартын ұзартпайтындығымен келіскен. Килиан бір жылдан кейін «Реал Мадридке» тегін ауысады деп күтілуде.

Ал 36 жастағы португалдық ПСЖ-ға «Ювентуспен» келісімшартын бұзып, тегін ауысады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін париждіктер «Барселонамен» келісімшартты ұзартпаған еркін агент Лионель Мессиді өз сапына қосқан болатын.

Мессимен келісімшарт 2+1 жылға жасалды. Оның бір жылдық жалақысының мөлшері 35 миллион. Осыдан кейін Мбаппе клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;