Әлем футболы

«Челси» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды

«Челси» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» испаниялық «Вильярреалды» жеңіп, УЕФА Суперкубогын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

УЕФА Суперкубогы-2021.

«Челси» (Лондон, Англия) – «Вильярреал» (Вильярреал, Испания) – 1:1, 6:5 пен. (1:0, 0:1, 0:0, 0:0)

Голдар: Зиеш 27 (1:0), Морено 73 (1:1)

Төреші: Карасев (Ресей)

11 тамыз. Белфаст. «Уиндзор Парк» стадионы.

Еуромаусымның алғашқы маңызды матчында Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Челси» мен Еуропа лигасында топ жарған «Вильярреал» кездесті.

Белфасттағы «Уиндзор Парк» стадионында өткен матчта ағылшын командасы белсендірек болды. Нәтижесінде бірінші таймның ортасында Хаким Зиеш есеп ашты – 1:0, командалар үзіліске осы есеппен кетті.

Екінші таймда «Вильярреал» басымдықты қолына алып, таразы басын теңестірді – Жераро Мореноның соққысынан кейін есеп 1:1 болды.

Негізгі уақыт тең аяқталып, овертаймда да ештеңе өзгерген жоқ. Суперкубок иегері пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста «Челси» дәлдік танытты - 6:5.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер